Мәдениет – өмір айнасы, өнер қоймасы
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің құрметіне ұйымдастырылған шарада аудан басшысы С. Сермағамбетов: «Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мәдениетіміз бен өнегелі өнерімізді әрі қарай өрістету жолында қастерлі де қасиетті қызметтеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта кісілігі кемел, парасат-пайымы мол әріптестеріміздің ұлысты ұйытатын игі істерге білек сыбана кірісіп, көпті қуанта беретініне сенімім мол. Сіздердің жаңа бастамаларыңызға сәттілік, шығармашылық табыстар мен игі жетістіктер, бақыт, зор денсаулық пен амандық тілеймін», - деп, өзінің ақжарма тілегін жолдады.
Мұнан соң, ауданның мәдениет және өнер саласында талмай еңбек етіп келе жатқан бір топ тұлғаларға аудан әкімінің Алғысы табыстылды.
«Ел іші – өнер кеніші», - дегендей, мерекелік кеш ауданның үздік күйші, күміс көмей әнші, талантты өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.



"Толқын" ақпарат