Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Ардақты ұстаздар!
Қымбатты жас түлектер!

Сіздерді бүгінгі 25 мамыр - соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін барлық оқушылар үшін ерекше есте қаларлық күн. Он бір жыл білім шаңырағында тәлім алған жас түлектер қайталанбас балалықтың бал дәуренін артқа тастап, алтын ұя мектебінен болашақтың биік баспалдағына қадам басқалы тұр.
Биыл ауданымыз бойынша 933 оқушы мектеп бітіруде. Олардың 661-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірді. 50 түлек «Алтын белгіге» үміткер болса, 43 оқушы – «Үздік аттестатқа» ұсынылып отыр. Шәкірттер бұл жылы да үмітімізді ақтайды деп сенім білдіремін.
Үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған 7 жас түлегіміз түрлі деңгейдегі білім бәсекелеріне қатысып, жоғарғы оқу орындарының грант иегері атанды.

Өзінің уақытын аямай, өзгелердің бақытын аялап, оқушылардың үлкен арманын бір арнаға тоғыстырып, өмірлік бағыт-бағдарын танытып жүрген ұлағатты ұстаздарға алғысым шексіз.

Қымбатты жас түлектер!

Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы, егемен еліміздің келешектегі келбеті – Өздеріңіз.

Бүгінгі білікті ұстаздардың алдынан өткен сіздер – ертеңгі күні өз ісінің кәсіби маманы, ғылымды еңсерген ғалым, елге қызмет ететін белгілі басшы да бола аласыздар. Өмірдің сан тарау жолдарынан іркілмей өту жолында қанаттарыңыз талмасын.
Отанымыздың түкпір-түкпірінде киелі Арал өңірінің атын тек қана баянды істеріңізбен, терең білімдеріңізбен шығара беріңіздер.

Сәт-сапар, ақ жол қадірменді жас түлектер!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Серік Сермағамбетов

25 мамыр 2022 ж. 874 0