Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағын айқындайды

Ел болашағын айқындайды

"5 маусымда республикалық референдум өтеді. Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі. Халқымыз осындай бетбұрысты кезеңде ел болашағын айқындауға тікелей атсалысатын болады. Жауапты сәтте әр азаматымыздың дауысы айрықша рөл атқарады", деген еді Мемлекет басшысы.
Ақпараттық технология шарықтап дамыған заманда Конституцияға өзгерістер енуі де орынды. Ол үшін бүкіл халық болып референдум арқылы дауыс беру маңызды. Осыдан 27 жыл бұрын қабылданған Конституцияның негізгі баптарына өзгеріс енгізіліп, алдыңғы орынға халықтың мүддесі қойылады. Бұл дегеніміз адам құқығы басты назарға алынады дегенді білдіреді. Қай кезде де мемлекетіміз әрбір азаматты қамқорлығына алып, адам құқығы заң жүзінде қорғалуы керек. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот құрылатындығын айтты. Қуантарлығы, елімізде өлім жазасы мүлдем жойылатын болды.
Мемлекет алдында Екінші Республика құру міндеті тұрғанын Президенттің сөзінен аңғардық. Сондықтан келешегіміздің кемел болуы жолында заңға енгізілетін жаңа өзгерістер әрбір қазақстандық азаматтың өмір сүру деңгейін арттырып, жағдайын жақсартады деген көңілге сенім ұялатады. Халық та өз кезегінде, ой-пікірін еркін жеткізу үшін референдумға толыққанды қатысуы керек. Алдағы референдум елдің берекесін арттырып, билікке деген сенімін ақтайды деп ойлаймыз. Атам қазақ "Келісіп пішкен тон келте болмас" дегендей, ел болашағын айқындайтын Ата Заңымыздың сапалы да мазмұнды болып шығуына әрқайсысымыз өз үлесімізді қосайық!
С. МАХСҰТҚЫЗЫ,
№283 орта мектеп мұғалімі
26 мамыр 2022 ж. 416 0