Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата Заң – тәуелсіздіктің алтын арқауы

Ата Заң – тәуелсіздіктің алтын арқауы

Қай елде болсын заңды түземей, қоғамды түзеу бекершілік екендігі айдан анық. Жаңа Қазақстанды әрі қарай дамытуды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш Ата Заңнан бастауы да жақсылықтың белгісі деп білеміз. Соңғы рет 1995 жылы 30 тамызда өтсе, екінші талқылау 2022 жылдың 5 маусымда өтеді. Иә, осы уақытқа дейін Конституцияға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жүрді. Соның ішінде Ата Заң да талай рет өзгерген болатын. Бірақ ешқайсысы қалың көпшіліктің пікірін сұрамай, Парламент қарауына ұсынып, депутаттардың мақұлдауымен ғана өзгеріс енетін еді. Бұл жолы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енетін өзгерістерді халық таңдауына беріп, референдум өткізуді ұсынып отыр. Сонымен бірге Президент өз ұсынысында: «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!»-деп айтқан болатын.
Ата Заңға енгізгелі отырған өзгерістер Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті билікті өзгертуге бағытталғаны барлығымызға белгілі. Соның нәтижесінде олар ел басына қиындық туған сәттерде де өз бетінше жұмысын жалғастыра беруге құзыретті болады. Яғни, бір кісіге қарап отырмайды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы болып қай тұлға сайланса да, оның биліктің барлық дерлік тармағына билік жүргізуіне бол берілмейді екен. Міне, осы арқылы біз дамыған елдер қатарына бір қадам жақындарымыз сөзсіз.
Қыс мезгіліндегі қарапайым халық басына күн туған шақта көргеніміздей мемлекет үшін татулық пен бейбітшілік ең басты құндылық болып саналады. Жаңа Қазақстанды құруға барлығымыз атсалысуымыз қажет. «Көп көтерген жүк жеңіл» демекші, сіз бен біз болып алдағы ел болашағын бірге жасайық!

А. БИСЕНОВ
26 мамыр 2022 ж. 506 0