Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге атсалысайық

Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге атсалысайық

Ардақты ағайын!
Баршаңызға белгілі, үстіміздегі жылдың 5 маусым күні Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді.
Бүкілхалықтық референдум өткізу туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсыныс жасаған болатын.

Алдағы конституциялық референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланыс­ты емес, ол тұтас мемлекеттің бола­ша­ғына әсер ететін, бұдан да жар­қын келешектің іргетасын қалай­тын аса маңызды күн деп ойлай­мын.

Өйткені қоғам арасында күрмеуі шешілмей жатқан күр­делі мәселелер көбейіп кетті. Сол себепті Президент сөзден гөрі іске баса назар аударып, «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя оты­рып, осындай маңызды шешім қа­былдап отырғаны анық.

Бұл осы елдің азаматы ретінде мені де қатты қуантты. Бүгінгі таңда, елі­міз үлкен өзгерістер алдында тұр. Сондықтан 5 маусым күні әр қазақстандық өзінің жеке азаматтық борышын орын­дауға тиіс. Себебі еліміздің бола­ша­ғы­ның дамуы тікелей осы рефе­рендумға байланысты болып отыр.

Сол себепті, баршаңызды еліміздің жарқын болашағы үшін референдумға қатысуға шақырамын!

Ә. АҢСАТБАЕВ,
Қосаман ауылының тұрғыны, ардагер 

26 мамыр 2022 ж. 493 0