Өзге этнос өкілдері бастамаға қолдау білдірді

Жиында референдумға қатысты тың ойлар айтылып, депутат Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.
– Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы. Қазіргі қоғамда өзгерістер үлкен сұранысқа ие. Референдум өтетін күнге дейін аз ғана уақыт қалды. Әрбір азамат ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруға қатысып, үлесін қосуға мүмкіндік туды. Сіздерді референдумға белсене қатысады деп ойлаймын, - деді Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.
Кездесуге облыстық штаб мүшесі Ж.Ысқақ және аудандық штаб мүшелері де қатысып, сайлаушыларды конституциялық түзетулерге және Президенттің бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдіруге шақырды.
