Аудан ардагерлері өзгерістерді қолдайды

Бақытбек Смағұл конституциялық реформа қоғамды демократияландырудың шынайы қадамы екенін айтты. Депутаттың пікірінше, референдум халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту сияқты іргелі өзгерістерге жол ашады.
Жиында сайлау жүйесіндегі өзгерістер, жаңа баптар, референдумның қоғамға берер мүмкіндіктері жайлы облыстық штаб мүшесі Ибадулла Тлеп кеңірек тоқталып, әрбір қазақстандыққа өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін 5 маусым күнгі референдумға аудан ақсақалдарын елді бастап баруға шақырды.