Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзгерістер оң нәтижеге жетелейді

Өзгерістер оң нәтижеге жетелейді

Референдумды қолдауға бағытталған «AMANAT»партиясы облыстық филиалы жанындағы штаб мүшелері қала орталығындағы «Отырар», «Сұлтан» сауда үйлерінде болып, саудагерлер мен тұтынушыларға референдумды түсіндірді.
Кездесу барысында облыстық штаб мүшесі Таңат Байкенжеев жиналған қауымға референдумға қатысудың маңыздылығы туралы ақпарат беріп, халықты белсенді қатысып, мемлекеттің болашағын айқындауға атсалысуға шақырды.
Облыстық штаб мүшесі Медет Жорабек енгізілетін өзгерістерге жеке-жеке тоқталып, өзгерістер мен толықтырулар қабылданған жағдайда еліміздегі саяси жүйені қайта жаңғыртуға болатынын атап өтті.
Жиынға қатысқандар алда өтетін референдум аясында штаб мүшелерімен диалог құрып, көкейдегі сауалдарына жауап алды. Олар Конституцияға енгізілетін өзгерістер қоғамды одан әрі демократияландырып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму жолында мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыратынына сенімді.
Атап өтейік кездесуге базар қызметкерлері, саудагерлер мен тұтынушылар қатысып, алдағы өтетін республикалық референдум және Ата заңға енгізілетін өзгерістер төңірегінде мағлұмат алды.
01 маусым 2022 ж. 379 0