Мереке күні 50 оқушыға велосипед табысталды

Аталған сыйлықтар бірінші кезекте әлеуметтік көмекті қажет ететін, аз қамтылған, көпбалалы және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларына берілді.
Сыйлықтарды табыстаған аудан басшысы: -«Еліміздің ертеңі, ұлттың болашағы – Өздеріңіз! Сондықтан да, жастық жігермен сапалы білім алып, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосар азаматы атаныңыздар. Дендерің сау, оқуда озат болыңыздар. Жазғы демалыстарыңды көңілді өткізулеріңізге тілектеспін. Көліктеріңіз құтты болсын!», - деп ақжарма тілегін жеткізді.
Мереке күні ерекше сыйлыққа ие болып, шат-шадыман қуанышқа бөленген бүлдіршіндер шексіз алғыстарын білдірді.




"Толқын" ақпарат