Салық түсімдерінің орындалу барысы талқыланды

Алдымен күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кірістер басқармасының басшысы Е. Мәлкаждарұлы негізгі хабарлама жасады.
Баяндамашыдан соң, аудан басшысы жер, мүлік, жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы сынды түсімдері аз орындалған ауылдық округтер әкімдерінен бекітілген жоспардың орындалмау себебін сұрады. Одан соң аудандық кірістер басқармасының басшысына қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен тығыз жұмыс жасап, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу қажеттігін ескертті.
Сонымен бірге бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен бұл мәселе қайта талқылатынын айтып, жұмысты жандандыруды тапсырды.
Ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердегі тіркелмей кәсіп жасап отырған жеке тұлғаларды анықтап салықтандыру жұмыстарын жүргізуді, салық базасын нығайтуды және қосымша кіріс көздерін іздестіріп, аудан көлемінде іске асырылуға тиісті ірі инвестициялық жобалар жөніндегі алынған мәліметтерге сәйкес түсім көздеріне талдау жүргізуді тапсырды. Аталған тапсырмалардың орындалуын қадағалау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелді.
