Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Егін шаруашылығындағы жұмыс барысы талқыланды

Егін шаруашылығындағы жұмыс барысы талқыланды

Аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішевтің төрағалығымен егін шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізілді.

Жиынға кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Алдымен аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ж. Жұбанов егін шаруашылығын дамыту бойынша әзірленген жол картасындағы және жеке тұрғындардың көкөніс, бақша дақылдарын аулада егу жұмыстарының орындалу барысы туралы хабарлама жасады.

Қазіргі таңда жоңышқа, көкөніс және бақша дақылдарын егу жұмыстары бірнеше ауылдық округтерде белгіленген жоспардан төмен орындалуда.

Аудан әкімінің орынбасары мал азығы және бақша дақылдарын егу мен одан өнім алудың маңыздылығына тоқталып, ауылдық округ әкімдерінен бұл жұмыстардың неліктен кешеуілдеп келе жатқан себебін сұрады. Сонымен бірге қажетті техникаларды тиімді қолдана отырып, егістік алқаптарындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
"Толқын" ақпарат 
27 мамыр 2022 ж. 358 0