Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады

Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады

Тыныштық және референдум күндерінде үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін түн ортасында үгіт аяқталады. Ертең, 4 маусым күні сағат 00.00-ден бастап бізде «тыныштық» күні болады. «Тыныштық» күні және референдум күні үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады. Ол үшін заңмен құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Осыны ескеруді сұраймыз», деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев та референдум алдындағы күні және дауыс беру күнінде үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын ескерткен еді.
03 маусым 2022 ж. 515 0