Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда 200-ден аса адам ҚР Мемлекеттік Гимнін шырқады

Байқоңырда 200-ден аса адам ҚР Мемлекеттік Гимнін шырқады

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Байқоңыр қаласының тұрғындары, жастары, түрлі сала өкілдері 3 маусым күні бір мезгілде ҚР Мемлекеттік Гимнін орындады.
Шара барысында Байқоныр тұрғындарының рухы көтеріліп, егемендігімізді айқындайтын мемлекеттік рәміздерге құрметі шексіз екендігін жеткізді.
Байқоңыр жастарымен қатар түрлі сала өкілдері белсене қатысып, шараның жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізді. Атап айтсақ: мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорқау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, денсаулық саласының мамандары, қаржы саласының мамандары, жұмыспен қамту орталығы, ішкі істер министрлігінің өкілдері, «Amanat» партиясы және шекара қызметкерлері болды. Жалпы жиынға жиналғандар 200 адамды құрап, шеру соңында жастардың қатысуымен ҚР рәміздерінің 30 жылдығы бейнеленген санымен қорытындыланды.
Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, халқымыздың рухы, болашаққа деген арманы асқақтап, әлемге таныла берсін.
kyzylorda-news.kz
03 маусым 2022 ж. 270 0