Облыс әкімі отандық автокөлік және арнайы техника өндіретін кәсіпорын өкілдерімен кездесті

Жиында презентация арқылы қоғамдық көлік, медицина, полиция, ауылшаруашылық салаларына қажетті арнайы техникалар таныстырылды.
Өз кезегінде облыс әкімі қала аумағында қатынайтын қоғамдық көліктердің санын көбейту, арнайы техникаларды алу жұмыстарын жүргізуде алдын ала талдау жұмыстарын жүргізіп, нақты қажеттілікті ескеру керектігін алға тартты.
Талқылау соңында аймақ басшысы өңірдің тұрмыс-тіршілігіне қажетті техникаларды жаңартудың маңыздылығына тоқталып, жауапты сала басшыларына техниканы алу жолдарын заң аясында қарап, нақты ұсыныс беруді тапсырды.
