Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділет вице-министрі: Қазіргі парламент таратылмайды

Әділет вице-министрі: Қазіргі парламент таратылмайды

Парламенттің жетінші шақырылымы таратылмайды. Қазіргі құрам 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін жұмыс істейді. Бұл туралы әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Вице-министр Конституцияға енгізілген түзетулерден кейін парламент палаталарын құру туралы нормалар 8-ші шақырылым депутаттарын сайлаудан бастап қолданылатынын айтты.
«Мысалы журналистер бізден Конституциялық реформалардан кейін 7-шақырылым таратыла ма деп сұрап жатыр. Қазір бізде 7-ші шақырылым жұмыс істеп жатыр. Олар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін өз қызметін жалғастырады. Қазір 7-шақырылымның таралуы бойынша мәселе қойылып отырған жоқ», – деді Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
5 маусымда Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдум өтті. Қазақстандықтардың басым бөлігі түзетулерді қолдап дауыс берді.
Ата заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, сенаттағы президент квотасы 10 депутатқа дейін қысқарады. Мәжіліс пропорционалды және мажоритарлы жүйемен сайланады. Сондай-ақ депутатты кері қайтару жүйесі енгізіледі.

kyzylorda-news.kz
09 маусым 2022 ж. 314 0