Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 маусым – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

12 маусым – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

Қазақстанда маусым айының әр екінші жексенбісінде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салаларына тоқыма, тігін, былғары, тері және аяқ киім өнеркәсібі жатады. Осы бағыттағы қызметкерлердің басым бөлігі әйелдер. Бүгінде Алматыда жеңіл өнеркәсіппен айналысатын 42 ірі және орта кәсіпорын бар. Жалпы осы жылғы алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша, Алматыда 217 822 ШОБ субъектісі жұмыс істейді.  2022 жылы алып шаһарда  ШОБ-ты қолдауға 42,2 млрд теңге бөлінді. Биыл оңтүстік астанада тамақ, жеңіл, жиһаз және құрылыс өнеркәсібі салаларында 53 кәсіпорын іске қосылды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Үкіметінің негізгі міндеті елдегі жеңіл өнеркәсіпті жаңғырту болып табылады. Осы мақсатта шетелден әкелінетін өнімдерге баж салығын арттыру арқылы отандық өндірушілерді қолдау бойынша бірқатар шара қабылданып жатыр. Сондай-ақ импортты өз өндірісінің өнімдерімен біртіндеп алмастыру бағдарламалары енгізілуде.
Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Жергілікті тұрғындардың, әсіресе, әйелдердің арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту болып табылады. Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та жоғары – азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс.
Әлеуметтік-экономикалық ма­ңы­зы зор бұл саланы да­мы­туға әлемнің көптеген елде­рі әлдеқашан түбегейлі бетбұ­рыс жасаған. Мә­се­лен, же­ңіл өнеркәсіптің үлесі АҚШ, Ита­­лия, Германия, Қытай, Пор­­ту­­галия, Түркия сияқты дамы­­­ған елдерде 12-20 пайызды құ­райды. Қытай, Үндіс­тан, Түр­кия, тіпті іргедегі Қырғыз­стан мен Өз­бекстан мемле­кеттері табысының қомақты бөлігін жеңіл өнеркәсіп тауар­ларының экспортынан түсіру­де. Соңғы жылдары қырғыз елінің ішкі жалпы өніміндегі жеңіл өнер­кәсіп үлесі 30 пайыз­дан асты. Ал қазіргі таңда Қазақ­стандағы қайта өң­деу өнер­кә­сібі саласындағы жеңіл өнер­­кәсіптің үлесі 1,2 пайызды құ­райды.
baq.kz
12 маусым 2022 ж. 731 0