
2019 жылы облыста жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша аймақтық бағдарлама жұмыс істей бастайды.Жаппай тұтыну тауарларын шығару жөніндегі өндірістерді құруға – тоқыма, тігін, тері және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ, тағы да басқа өнеркәсіптер бойынша Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 10-нан 20 млн.теңгеге дейінгі сомада 8 пайызбен 5 жылға кредиттер берілетін болады. Бірінші кезеңде оны іске асыруға шамамен 800 млн.теңге бағыттау жоспарлануда.
www.facebook.com/qyzylorda.press