Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент зияткерлік меншік туралы заңнаманы жетілдіру туралы заңға қол қойды

Президент зияткерлік меншік туралы заңнаманы жетілдіру туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Айта кетейік, заң осы құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың және патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ құжатта зияткерлік меншік құқықтары мен өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейту мәселесі қарастырылған.

Заңда ұлттық заңнама нормаларын осы саладағы халықаралық ұстаным мен тәжірибелерінің ережелерімен сәйкестендіруге қатысты да нормалар бар. Сонымен қатар, енгізілген өзгерістер мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу аясын кеңейтуге де бағытталып отыр.

Алдағы уақытта осы заң елімізде зияткерлік меншік нарығын дамытуға, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді деген сенім бар.

Сондай-ақ заң халыққа мемлекет кепілдік берген заң көмегін 2025 жылға қарай 2 есеге ұлғайту жөніндегі міндетті шешу ұсынылады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

rtcom.kz
21 маусым 2022 ж. 349 0