Ауылдық округ әкімдері біліктілік арттыру курсынан өтуде
«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен көшпелі семинар өткізілуде. Семинарда өңірден 19 ауылдық округ әкімдері біліктілік курсынан өтуде.
Олардың біліктілігін арттыру үшін Саяси менеджмент академиясы толыққанды дайындық бағдарламаларын әзірледі.
Оқу семинарға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова арнайы келіп, оқу семинарының мақсат міндеті, онан кейінгі күтілетін нәтижелер төңірегінде атап өтіп, білім алушыларға сәттілік тіледі.
P.S.: Ақпарат үшін 13-22 маусым аралығына жоспарланған көшпелі оқу семинарының екі кезеңінде бүгінге дейін Қызылорда облысынан 128 кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары білімін жетілдірді.
"Толқын" ақпарат