Қызылордада ауыл әкімдері сайлауының нәтижесі жарияланды

«Еліміздің тарихында алғаш рет өткізілген ауыл әкімдерінің сайлауына 122 кандидат тіркелді. Олардың 47-і саяси партиялардан ұсынылғандар: «Nur Otan» партиясынан – 32, «Ауыл» ХДСП – 4,«Ақ Жол» ҚДП – 4, «АDAL» саяси партиясынан – 3, ҚХП – 4, өзін-өзі ұсынған – 75 кандидат. Шиелі ауданындағы Ортақшыл және Жуантөбе ауылдық округтеріндегі сайлауға тек өзін-өзі ұсынған үміткерлер қатысты. Облыс бойынша ең көп кандидат Жаңақорған ауданының Кейден ауылдық округінде тіркелген – 6 кандидат», – деді Ғалым Қонақбайұлы.«Сайланған 40 әкімнің 10 мемлекеттік қызметші, 22 – сол ауылдық округтің қызмет атқарып жүрген әкімдері, 5 – бюджеттік сала қызметкерлері, 3 – уақытша жұмыссыз азаматтар, 1-і әйел. Ауылдық округ әкімдерінің сайлауларын жарамсыз деп тануға немесе қайта сайлау өткізуге негіз болған жоқ. Барлық сайлау учаскелерінде заң талаптары толықтай сақталды», – деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов.
Айта кетейік, жаңадан сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 құрайды, ең жасы – 27 жаста. Ал сайлаушылардың ең көп дауысын жинағаны Сұлтанов Мейрбек Арал ауданы, Бекбауыл ауылдық округінен сайлауға түскен.
Сайланған әкімдердің 35-і саяси партиялардан. Яғни, олардың қатарында «Nur Otan», «Ауыл», «ADAL», «ҚХП» партиялары бар.Сонымен қатар, өзін өзі ұсынған 5 азамат жоғарғы нәтиже жинап, ауыл әкімі атанды.
kyzylorda-news.kz