Аралдық тауарөндірушілер марапатталды
Көрме барысында жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алған үздік тауарөндірушілерге облыс әкімі Н. Нәлібаев арнайы марапаттарын табыстады.
Аталған байқауда «Қарашалаң» сервистік дайындау орталығы» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясымен марапатталып, қаржылай сыйақының сертификатын иеленді. «Қарашалаң СДО» ЖШС облыстық көрме-байқауда 60 тауарөндірушілердің арасынан арнайы сыйлыққа ие болған 9 кәсіпкердің бірі ретінде танылды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Жумашева Индира Жаилгановна» отандық өнім өндіріп, кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосқаны үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Атап өтейік, 2015 жылдан бері балық және балық өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын «ҚАРАШАЛАҢ» сервистік дайындау орталығы» ЖШС бүгінде 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал, жеке кәсіпкер «Жумашева Индира Жаилгановна» 2009 жылдан бастап тұрмыстық қолөнер бұйымдарын (перде, көрпе, қыз жасауы, бесік жасаулары, қоржындар) тігумен айналысады.
"Толқын" ақпарат