Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата-аналарға үндеу жарияланды

Ата-аналарға үндеу жарияланды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ата-аналарға арналған үндеуі жарияланды.

Құрметті ата-аналар! Балалар - әрқайсымыздың өміріміздегі ең қымбат байлығымыз. Бұл ешқандай түсіндіруді қажет етпейтін аксиома. Сондықтан, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия сіздерден жас балаларды қараусыз және олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларда қалдырмауды сұрайды.

Соңғы кездері жазатайым оқиғалар мен қылмыстардың салдарынан қаза тапқан және зардап шеккен балалар туралы жаңалықтар көбеюде. Әрбір факт – үлкен қасірет, біз олардың алдын ала аламыз, алдын алуымыз керек және алдын алуға міндеттіміз.

Өз кезегінде Ұлттық комиссия ата-аналар үшін өз балаларын тәрбиелеумен көбірек айналысуға, жауапты ата-ана мәдениетін ілгерілетуге, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық ортаны дамыту жөнінде шаралар қабылдауға ниетті.

Қазір демалыс, белсенді демалу, оның ішінде су маңында демалу кезеңіне сәйкес келетін дәстүрлі жазғы демалыс уақыты. Оның үстіне бұл күндері көшеде күн ыстық, соның кесірінен көпқабатты пәтерлердің терезелерін ашық қалдырушылар көп. Бұған қоса, еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған бала күндізгі уақытта өздерімен-өздері қалып қояды.

Балаларыңызды қауіпті жағдайда қалдырмаңыздар! Сергек және жауапты болыңыздар! Балаларыңыздың қауіпсіздігі сіздерге байланысты!, - делінген үндеуде.

baq.kz
18 шілде 2022 ж. 558 0