Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Құрылысшылар күнімен құттықтады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Құрылысшылар күнімен құттықтады

Құрметті құрылысшылар!
Сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс – адамзат баласымен бірге келе жатқан жасампаз кәсіп. Бүгінде өңірімізде құрылыс саласы қарқынды дамып, ел экономикасының, оның ішінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуына айрықша ықпал етіп келеді. Ауқымды  саланы  алға  жылжытуда құрылысшылардың еңбегі ерен.
Бүгінгідей әсем де көрікті, түрлі заманауи нысандардың бой түзеуі – құрылысшылар легінің мезгілдің ыстық-суығын елемей, күн-түн демей атқарған игі істерінің жемісі.
Қандай кезең болмасын құрылыс саласы өз жұмысын тоқтатпай, ел игілігін еселеуде. Қазіргі күні мемлекетіміз күн сайын көркейіп, абаттанып келеді. Төрткүл әлеммен терезесін теңестірген елімізде көрікті ғимараттар бой көтеріп, еңбекқор жандардың арқасында әлемге танылды.
Дәл осындай жұмыстар біздің ауданымызда да қолға алынуда. Құрылыс саласының мамандары өңір экономикасының сан-салалы дамуына өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді. Жыл басынан бері өңірімізде
1,3 млрд теңгені құрайтын ірі  жобалар іске асырылуда. Соның бірі – кешегі Сексеуіл кентін көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін газ құбырын тарту жұмыстары.
Мұнымен қоса, биылғы оқу жылына тарту ретінде Арал  қаласында №71 мектеп-интернатының ғимараты пайдалануға берілетін болса, облыс әкімінің тікелей қолдауымен Тоқабай елді мекенінде мектептің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен бірге Жалғызағым және Тастүбек ауылдарында медициналық бекет бой көтеріп жатқан болса, Жақсықылыш кенті мен Қамыстыбас, Аманөткел ауылдық округтерінде денешынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда.
Құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мұндай нысандар аудан келбетін жақсартса, екінші жағынан жұмыссыз жергілікті азаматтарымызды жұмыспен қамтуға өз септігін тигізуде.
Осы ретте, ауданымыздың айбынын арттырып, сымбатына сән қосып, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін жергілікті құрыш қолды құрылысшылардың ел дамуына қосар үлесі зор деп санаймын.
Құрметті құрылысшылар қауымы!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт тілеймін!
Туған жерімізді көркейтіп-көріктендірудегі игі істеріміз әрдайым жемісті, нәтижелі болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Серік Сермағамбетов
09 тамыз 2022 ж. 309 0