Конференция өтті
Кеше облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында басқарманың және «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған конференция болып өтті.
Алғашқы болып жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы мен «Бастаманы қолдау» ҚБ-нің атқарушы директоры Сапаржанова Жанат Айдарбекқызы сөз алды.
Одан соң Қызылорда облысының маслихат депутаты Абибуллаева Аида Ибрагимқызының «Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелер және оның шешілу жолдары» тақырыбындағы баяндама жасаса, жиын әрi қарай «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Рахымов Абылайхан Мейірманұлының «Қызылорда облысы бойынша ТМККК мен МӘМС аясында медициналық қызметтерді алу тәртібі мен қазіргі ахуалы» тақырыбындағы баяндамасымен және «Бастаманы қолдау» ҚБ-нің төрайымы Тулепова Мадина Ерғалиқызының «Қызылорда облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асырудың жол картасының орындалуы» тақырыбындағы баяндамамен жалғасты.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
syrboyi.kz