Жеке куәлік және төлқұжат тапсыру үшін не істеуіміз керек?

Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет. Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады.
Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін бір жұмыс күннен 7 жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады.
Төлқұжат ерікті құжат болып табылады, сондықтан оның мерзімі өтіп кетсе айыппұл салынбайды. Мемлекеттік баж құны-8 АЕК.
Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсынып, баж салығын төлеу қажет. Қызметке өтініш білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті.
Гүлназ Медеталиева,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету
бойынша Арал ауданының бөлімінің маманы