Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қостанайлықтарға берілетін көмек жалғасуда

Қызылордада қостанайлықтарға берілетін көмек жалғасуда

Қостанай халқына көмек көрсету үшін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған көмек көрсету пунктіне кешеден бері партия белсенділері азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттарды толассыз әкелуде.

Осы орайда бүгін партия белсендісі Таңат Байжанов Қостанай халқына қазіргі таңда аса қажетті болып отырған шаруашылық тауарлары мен мектеп жасындағы балаларға арналған арнайы құрал-жабдықтар жеткізіп берді.

Сондай-ақ қайырымдылық шарасына облыс тұрғындары, әкімдік қызметкерлері мен мәслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер жасағы атсалысып жатыр.

Қабылдау пункітіне алғаш болып өз көмегін жеткізгендердің бірі партия белсендісі, «BIALI»ЖШС –нің төрағасы Асхат Шәукенбаев. Ол осындай қиын сәтте өзінің қостанайлықтармен бірге екенін жеткізіп, барлық жерлестерді жұмыла көмек көрсетуге шақырды. Қостанайлық ағайынға көмекке «AMANAT» партиясы облыстық, қалалық, «Тұран», «Теміржол» филиалдарының ұжымы да ортақ қаржы жинап, азық-түлік өнімдері мен төсек бұйымдарын алуға үлес қосты.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы бойынша гуманитарлық көмек қабылдау пунктерінің Қызылорда қаласындағы мекенжайы партияның қалалық филиалының ғимараты Ы.Жақаев көшесі 15А. Байланыс нөмірі: 8-747-530-85-79, 8-778-460-23-00.

kyzylorda-news.kz
05 қыркүйек 2022 ж. 389 0