Сыр дәмі Сарыарқаға жетті
Бүгін еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылы бойында орналасқан «Астана Арена» спорттық кешенінің жанында Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке басталды.Жыл сайын өтетін мұндай дәстүрлі шараны елордалықтар да асыға күткен сияқты.Жәрмеңкеге 70-ке жуық Сыр диқандары мен кәсіпорындары 50 жүк автокөліктермен жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 500 тоннадан астам азық-түлік әкелген еді. Қазір өңірден шығатын барлығы 30-дан астам ауыл өнімдері сатылып жатыр.
syrboyi.kz










