Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы тұрғындарды қабылдады

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы тұрғындарды қабылдады

Бүгін Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға 9 азамат келіп, өз мәселелерін жеткізді. Басым бөлігі жұмысқа орналасу мен жеке шағын орталық ашу және балабақшадағы мәселелерге қатысты.

Қабылдауға келген Әбілпейізова Салиха Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылындағы шағын орталықты жекешелндіру туралы айтса, ал Сабалақ саяжайындағы жеке балабақша меңгерушісі Гүлсәнім Аукенова жан басына қаржыландыру бойынша мәселесін көтерді. Басқарма басшысы жауапты мамандарға әрбір мәселені мұқият қарап, заң аясында пысықтауды тапсырды.

Айта кету керек, осы кезге дейін басқарма басшысы 4 жеке қабылдау өткізіп, 34 азаматтың мәселесін қарады.

kyzylorda-news.kz
16 қыркүйек 2022 ж. 407 0