Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » AMANAT: Саяси кеңес отырысы 5 қазанда өтеді

AMANAT: Саяси кеңес отырысы 5 қазанда өтеді

Бүгін «AMANAT» Жарғысының 9.5-тармағына сәйкес, партияның Саяси кеңесі Бюросы 5 қазанда Астана қаласында партияның Саяси кеңесінің отырысын шақыру туралы қаулы етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең Саяси кеңестің отырысында 6 қазанда Астанада өтетін «AMANAT» партиясының алдағы XXIV Съезінің күн тәртібін бекіту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Съезд жұмысына партияның өңірлік филиалдарындағы 20 конференцияның қорытындысы бойынша сайланған 700 делегат қатысады.
04 қазан 2022 ж. 410 0