Кент әкімінің орынбасары тағайындалды
Сексеуіл кенті әкімінің 2022 жылғы 7 қазандағы №101 өкімімен Сексеуіл кенті әкімінің орынбасары лауазымына Орынбасаров Нұрбек Серекеұлы тағайындалды.
Орынбасаров Нұрбек Серекеұлы 1988 жылы Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Ақтөбе қаласындағы «ТЭК-Батыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде слесарь болып бастаған.
2007-2008 жылдары «ТЭК-Батыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің май құю бекетінің кассирі;
2009-2010 жылдары «Қазтранссервиз» акционерлік қоғамының Ақтөбе қалалық филиалының бас маманы;
2012-2013 жылдары «Салини Коструттори С.п.А» акционерлік қоғамының техник лаборанты;
2013-2020 жылдары Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы;
2020-2021 жылдары аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы;
2021-2022 жылдары аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы;
2022 жылдың 1 тамызынан бастап осы кезге дейін аудан әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
"Толқын" ақпарат