Жигули Дайрабаев Президенттікке кандидат ретінде тіркелді

2022 жылдың 5 қазанында «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы Дайрабаев Жигулиді Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде ұсынды. Жигули Молдахалықұлы лингвистикалық емтихан нәтижесі бойынша қазақ тілін еркін меңгергендігі анықталды. Сондай-ақ кандидатты қолдау мақсатында Қазақстанның 20 өңірінен 125 081 азаматтың қолы жиналып, оның 122 246 тексеріліп, 119 975-і анық деп танылды,- деді Асылбек Смағұлов.
Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров Сайлау заңында көрсетілген барлық құжаттардың толық екенін айтып, тиісті хаттамаға қол қойды.