Ертең орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қызылордаға келеді

Сапар барысында 17 ақпанда сағат 11.00-де орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің сайлау комиссияларының мүшелерімен, саяси партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесуі өтеді.
Аталған іс-шараға БАҚ аккредитациялау 16 ақпан сағат 19.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша)+7 707 290 50 58; +7 (7242) 60 54 36 телефондары арқылы жүргізіледі.
Кездесудің өтетін орны: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 44 а, Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры.
kyzylorda-news.kz