Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазынашылық жүйе - қаражатты тиімді басқару тетігі

Қазынашылық жүйе - қаражатты тиімді басқару тетігі

Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бөлім басшысы Алмас Рүстемовтің айтуынша 2004 жылы бірыңғай ақпараттық ортаны қамтамасыз ету үшін - қазынашылық органдары жаңа - ақпараттық жүйе енгізілген.  Ал 2011 жылы орган жұмысының тиімділігін барынша жоғарылатса, 2012 жылы квазимемлекеттік сектор­ субъектілерінің шоттарына қызмет көрсете бастады. Одан әрі бюджеттік шығыстардың тиімділігін түпкілікті жақсар­ту үшін «Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдау» жобасы енгізілген болатын. Бүгінде құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдау туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биыл мемлекеттік мекемелердің құжаттары сапалы және уақытылы орындалуын, төлем шоттарын тиімді жұмсалуын қамтамасыз етілуде. Қазынашылық  мемлекет байлығының сақталуына жауап береді. Яғни, салық, салым, баж салығын өндіріп алуды ұйымдастырады. Және де мемлекеттік мұқтаждықтарға қаражат бөледі. Мұнан өзге, ақша эмиссиясына, ақша соғуға жауапты. Түйіндегенде , қазынашылық  ақша қаражаттарын тиімді жұмсауды және сақталуын қамтамасыз ететін қаржылық орган.
Сонымен қатар, қаражатты тиімді басқару жүйесін құру, жаңғырту әрі дамыту, біршама елдердің қазынашылық органдарының басты міндеттерінің бірі.
kyzylorda-news.kz
07 қараша 2022 ж. 390 0