Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұнның бағасы бір жылда 45% өскен

Қазақстанда ұнның бағасы бір жылда 45% өскен

Биыл Қазақстанда ұн 44,3% қымбаттаған, бұл 2012 жылдан бергі антирекорд деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі EnergyProm-ның ақпаратына сүйене отырып. 

Сарапшылар ұн жылдың басынан бері 41,3%, ал былтырғы қазанның көрсеткішімен салыстырғанда 44,3% қымбаттаған дейді. Олардың сөзіне сенсек, бұл – жаңа антирекорд. Бұрынғы антирекорд 2012 жылы байқалған – ол кезде ұнның бағасы бір жылда 5,6% көтерілген. 
Зерттеуге қарағанда қазір сұрпы жоғары бір келі ұнның бағасы – 369 теңге, ал бірінші сұрып ұнының бір келісі 245 теңге тұрады. 
Қазақстандағы ең қымбат ұн Астанада сатылып жатыр. Онда бір келі ұнның құны – 447 теңге, ал ең арзаны Ақтөбеде сатылып жатыр, оның бағасы – 279 теңге. 
Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, биылғы қазанда Қазақстандағы инфляция 18,8%-ға жеткен. 
07 қараша 2022 ж. 330 0