Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдағы кәсіпкерлік: 7 жоба іске асырылуда

Аралдағы кәсіпкерлік: 7 жоба іске асырылуда

tolqyn.kzАралда бір кездері кенже қалған салалар қатарында болған кәсіпкерлік қазір күн санап қарқынды дамып келеді. Бүгінде аудан халқы тірліктің көзін тауып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Мәселен, салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, 2017 жылы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 3310 бірлік болса бүгінгі күнге 5678 бірлікті құрап 1,7 есеге өскен. Оның ішінде 278 заңды тұлғалар, 4146 дара кәсіпкерлер, 1254 шаруа қожалықтары болып табылады. Жалпы жыл басынан бері 1208 кәсіпкерлік субъекті тіркелді. 
Қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 5287 бірлікті құрап 600 ден аса кәсіпкерлік нысан орналасқан. Оның ішінде: 1 комуналдық базар, 5 - сауда қатарлары, 400 ге жуық азық – түлік дүкендері, 13 – дәріхана, 70 – наубайхана мен кондитерлік өнімдер өндіру цехтары, 11 - тойхана, 50 ден аса -қоғамдық тамақтану орындары, 1 - супермаркет, 5 - сауда желілесі,  50 -тігін шеберханасы, 10 -қонақ үй бизнесі және тағы басқа бағыттарда жұмыс жасайды.
Жалпы жыл басынан бері аудандағы бөлшек сауданың көлемі 6, 370 млрд. теңгеге, көтерме сауда13,016 млрд. теңгеге жетті.
Сонымен қатар ауданда өндіріс орындары қарқынды дамуда. Ағымдағы жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 17,066 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, Салыстырмалы түрде сонғы 5 жылда екі есеге артқан. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 128,7 пайызға артқан.
Жалпы жыл басынан бері 85,8 мың текше метр табиғы құм, 793 390 тонна тұз, 235 тонна ет, 2980 тонна балық, 893 тонна нан өнімдері, 2556 тонна тауарлық бетон өндірілді.
Сондай – ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында индустриялық аймақ құру үшін Арал қаласының солтүстік-шығыс беткейінен 10 гектар жер телімі бөлініп, Аталған аймаққа 2022 жылдың сәуір айында инфрақұрылым жүйелерін жеткізу үшін Республикалық бюджеттен 191,9 млн. теңге, аудандық бюджеттен 16,6 млн. теңге, барлығы- 208,5 млн. теңге қаржы қаралды.
Қазіргі таңда Арал ауданының индустриялық аймағында жалпы құны  3239,8 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылу жоспарланған.
Оның ішінде 32 азаматты жұмыспен қамтитын, құны 169,8 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылған.  Алдағы уақытта осы индустриялық аймақта жалпы құны 4486,5 млн. теңгені құрайтын 3 жоба орналастыру жоспарланған.
Атап айтар болсақ Жоба құны – 4 млрд. теңге болатын «Аралполимер» ЖШС-нің «Қап өндіру» жобасы. Жұмыс орындары – 325 адам. Сондай-ақ «Мал бордақылау алаңы және шұжық өндіру цехін ашу» жобасы (Жоба құжаттары тиісті министрлікке жолданды). Жоба бастамашысы - дара кәсіпкер «Алпысбаев Ықылас»; Жоба құны - 320 млн. теңге. Жұмыс орындары – 24 адам. Және  «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау» жобасы (Жоба құжаттары жинақталуда). Жоба бастамашысы - «Асфур» ЖШС. Жоба құны – 166,5 млн. теңге. Жұмыс орындары – 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Бұдан бөлек, ауданымызда индустриялық-иновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны  158,48 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1352 адамды жұмыспен қамтитын 7 жоба іске асырылуда.
«Балық қалдықтарын қайта өңдеу цехын салу» жобасы (балық ұны), «Қамыс шатыр» жобасы,«Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау заутын салу» жобасы, «Кальциленген сода зауыты» құрылысы жобасы,«Титан өндіру бойынша кенбайыту комбинаты» жобасы, «Балық және құс өсіру» жобасы, «Тауарлы балықты өсіру және тереңнен өңдеу кешенін кеңейту» жобасы болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша да бірқатар игі істер қолға алынды. Сонымен қатар ауданымызда несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 1015 млн. теңгенің 75 жобасы несиелендірілді. Оның ішінде: «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны 85,5 млн. теңгені 12 жобасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны 39,8 млн. теңгенің 5 жобасы, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 657 млн. тенгенің 28 жобасы,«Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы құны 184,1 млн. теңгенің 21 жобасы, «Атамекен» Шағын несие ұйымы арқылы құны  48,6 млн. тенгенің 9 жобасы;
Бұдан бөлек, жалпы құны 74 млн. теңге болатын 7 жоба қаржы ұйымдарымен мақұлданды. «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы 13 млн. теңгенің 2 жобасы, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 11 млн. теңгенің 2 жобасы, «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 50 млн. теңгенің 3 жобасы.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Арал ауданында тұңғыш рет  «Арал Инвест» форумы өтті. Оған еліміздің бірқатар облыстары мен аудандардан делегаттар келіп қатысты. Шараның басты мақсаты - кәсіпкерлік аясын кеңейту, туризм саласын дамыту және инвестиция тарту көлемін арттыру болып табылады.
Форум барысында жиынға қатысушылар кәсіпкерлік саласын өрістету мен инвестиция көлемін ұлғайту бойынша пікірлерін білдірді.  Түрлі сала өкілдері мен тиісті мамандар, кәсіпкерлер Арал ауданына инвестияция тарту және инвесторларға жасалатын қолдаулар туралы баяндамалар жасады.
Арал ауданында алғаш рет өткізілген Инвест форум аясында бес жақты меморондум жасалды. Арал ауданы әкімдігінің бастамасымен «Арал Полимер» ЖШС-нің «Қап шығару жобасы» бойынша инфрақұрылым тарту мен өндірілген өнімді өткізу бойынша «Арал СДО» ЖШС, «Арал Тұз» АҚ, «Арал Кварц» ЖШС-келісімге қол қойды.
Сондай-ақ осы басқосуда Арал ауданы әкімдігі мен «ЮгГазПроект» ЖШС арасында да меморондум болды. Құжаттың мақсаты ауданда орналасқан елді-мекендерді газдандыру бойынша  жоба сметалық құжаттарын аталған демеушілердің көмегімен әзірлеу болып табылады. Аталған форум алдағы уақытта өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Н. Бақыран 
24 қараша 2022 ж. 439 0