Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Таяуда «Аманат» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Атаулы жиынға кеңес мүшелері, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде қазіргі уақыттағы өзекті деген мәселелер қаралып, талқыланған болатын. Соның ішінде аудандағы кәсіпкерлікті дамыту аясында мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы. Сонымен бірге қызметтердің орындалу сапасы жайында Арал аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Р.Жанаев: 
– 2022 жылдың 1 сәуірінде аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 4467 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,0 пайызға өсім көрсетті. Ал жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 4066 бірлікті құрады. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 11,7 пайызға өсім көрсетті. Сонымен бірге жыл басынан бері ауданымызда мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы инстиуттары арқылы 11 жоба несиелендірілді. Оның ішінде «Атамекен» шағын несие ұйымы арқылы 4 жоба және «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы 7 жобасы қабылданды. Аудан әкімі С.Сермағамбетовтың тапсырмасына сәйкес, «Атамекен Қызылорда» шағын несие ұйымы арқылы несиелендіру бойынша кепіл мүліктердің бағалау құнын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде біршама ауылдық округтердегі кепіл мүліктердің бағалау құны екі есеге дейін артты,–деп біршама жұмыстаға кеңінен тоқталды. 
 Арал аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлім тарапынан Арал ауданының 2024 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарына 40 жоба ұсынылып, бекітілген екен. Сондай-ақ аталған мәселе бойынша кеңес мүшелері маңызы бар сауалдар қойып, пікір алмасты.
А.НҰРЛАНОВА
09 маусым 2022 ж. 592 0