Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда бас шыршаның шамы жағылды

Ауданда бас шыршаның шамы жағылды

Кеше Арал қаласындағы Орталық алаңда орнатылған бас шыршаның шамын жағу рәсімі өтті.
Мерекелік шарада аудан әкімі С. Сермағамбетов тұрғындарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әрбір отбасыға бақ-береке тіледі.
– Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Биыл теңізді өлкенің бас шаһары – Арал қаласының 95 жылдығын өздеріңізбен бірге атап өттік. Балалалар жылы жарияланып, балғындарымыздың жан-жақты өсіп-жетілуі үшін түрлі спорттық ойын алаңдары салынды. Жалпы айтқанда жеткен жетістігіміз аз емес. Ал алдағы жылға артылар үміт пен сенімді бастамаларымыз бар. Табалдырығымыздан аттағалы тұрған Қоян жылы толағай табысы мен ырзық несібесін сыйлап, әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін! – деді аудан басшысы.
Мұнан соң, аудан әкімі облыстық "Жыл оқушысы- 2022" байқауының жеңімпазы, №220 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Іздібай Гүлбақытпен жаңа жылдық шырша шамын жақты.
Думанды шарадағы концерттік бағдарлама жиылған аудан жұртшылығына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, кештің сәнін келтірді.
"Толқын" ақпарат
25 желтоқсан 2022 ж. 483 0