Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда Жаңа жыл шыршасының шамы жағылды

Ауданда Жаңа жыл шыршасының шамы жағылды

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Орталық алаңда орнатылған бас шыршаның шамын жағу рәсіміне қатысты.

Мерекелік шарада аудан басшысы тұрғындарды ғажайып сәттерге толы жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әрбір отбасыға бақ-береке тіледі.
– Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл ел болып Ұлық мерекеміз – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өттік. Ескі жылға өкпеміз жоқ, қаншама қиындық болса да, ауызбіршілігіміздің арқасында ел болып еңсерудеміз. Өткен жылда қалыпты тіршілігімізге енген өзгерістерге қарамастан аудан экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгеріледі.
Жаңа жыл – жақсылықтың жаршысы. Әрбіріміздің болашаққа бағдар құратын және үлкен міндеттер жүктелетін уақыт. Әр адам жаңа жылдан жақсы жаңалық, молшылық күтедi. Сондықтан, жаңа жылды үлкен жоспарлармен, үмiтпен қарсы алайық! – деді аудан басшысы.

Мұнан соң, аудан әкімі оқу үздігі, 6-сынып оқушысы Бақытова Назыммен бірге жаңа жылдық шырша шамын жақты.
Думанды шарадағы концерттік бағдарлама жиылған аудан жұртшылығына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, кештің сәнін келтірді.


"Толқын" ақпарат 

25 желтоқсан 2021 ж. 1 110 0