Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі каналдарды аралап, дариядағы су деңгейін бақылады

Аудан әкімі каналдарды аралап, дариядағы су деңгейін бақылады

Аудан әкімі Серік Сағитжанұлы Сыр беткейге жасаған сапары барысында облыстық жұмылдыру дайындығы және шұғыл жұмыстар орталығының басшысы Е.Бисенбаевпен бірге Аманөткел ауылдық округі аумағындағы «Қулы» және «Ақшақыз» каналдарына барды.
Аталған екі каналда құрылыс жұмыстары жүруде. Шабындық алқаптарды суландыру үшін маңызы зор каналдар
тазаланып, арнасы ұлғайтылады. Мұнымен қоса, су көлемін реттеуге арналған су тоспасы салынуда. Құрылыс басында болып, мердігер мекеме басшысымен кездескен аудан әкімі барлық жұмыстьардың талапқа сай сапалы әрі тапсырды.
Аудан әкімі Ақша қыз каналында Ақшатау ауылының ардагерлерімен жүздесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Елді мекен тұрғындары мектеп құрылысы жақын арада басталса деген ұсыныстарын жеткізіп, ауылға кіре қақпа орнату қажеттігін де айтты.
Мектеп мәселесіне қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны, 50 орындық білім ошағы нақты салынатын нысандар тізіміне енгізілгені түсіндірілді. Ал ауылға кіре беріс қақпа келер жылы шешімін табатын болды.
Мұнан кейін «Ақлақ» су тоспасында болып, "Казсушар" РМК облыстық филиалының директоры Р. Ахметовпен бірге Сырдария өзенінен келетін су көлемін анықтап, теңізге өткізу жайын талқылады. Қазіргі уақытта Сырдария өзені бойымен аудан аумағына жеткен су Кіші Арал теңізіне жіберілуде. Аудан басшысы дария бойындағы ауылдық округ әкімдеріне су деңгейін күнделікті бақылауға алуды тапсырды.
"Толқын" ақпарат
28 желтоқсан 2022 ж. 292 0