Жаңа жылдық шырша кеші өтті
«Арал аудандық мүгедектер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің күндізгі стационар бөлімінде балаларға арналған жаңа жылдық шырша кеші өткізілді.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Кете-Төлеби Бержанов қатысып, балалардың қуанышымен бөлісті. Кеште сөз алған аудан әкімінің орынбасары бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ата-аналарына да ізгі тілегін арнады.
Жаңа жыл кешінде ертегі кейіпкерлері сомдалған түрлі қойылымдар ұсынылды. Барлық концерттік нөмірлер орталықтағы тәрбиеленушілердің қатысуымен қойылды.
Мерекелік кеш соңында аталған орталыққа аудан әкімдігі атынан теледидар табысталса, жеке кәсіпкер Ибраев Ерлан су жылытуға арналған аристон қондырғысын тарту етті.Мұнымен бірге балаларға аудан кәсіпкерлерінің мерекелік сыйлықтары мен тәттілер үлестірілді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі