Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Дөңгелек үстел өткізілді

Қызылорда: Дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылы 5 қаңтарда Департамент бастамасымен облыстық білім басқармасы және оған қарасты мекемелер қызметінде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесуде Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков талдаудың мақсаты - сыбайлас жемқорлық көріністері мен құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізу болып табылатынын жеткізді.

Сонымен қатар, аталған саланың осал тұстарын толықтырып, Білім басқармасымен атқарылатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру үшін бірлесе жұмыс жасау мақсатында тиісті топ құрылғандағын айта отырып, оның құрамына енгізілген мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, ішкі мемлекеттік аудит, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері, облыстық бақылау басқармасының қызметкерлері мен қоғамдық кеңес мүшелерін таныстырды.

Кездесу барысында облыстық білім басқармасы және оған қарасты мекемелердің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі бірқатар мәселелер, сондай-ақ сала қызметін регламенттейтін құқықтық актілердегі тәуекелдер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
07 қаңтар 2023 ж. 375 0