Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дария деңгейі бақылауда

Дария деңгейі бақылауда

Аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев жұмыс сапарымен дария бойындағы ауылдық округтерде болып, өзен бойындағы ахуалды бағамдады. Қазіргі таңда күннің суытуына байланысты Сырдария өзенінің бойында мұз ұстасуда. Осыған орай жоғары жақтан келіп жатқан мол суды Кіші Арал теңізіне жіберу және су тасқынының алдын алу бойынша Сыр бойындағы елді-мекендердің жай-күйін саралады. Сондай-ақ іс-сапар барысында аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев сыр беткейдегі каналдар мен көлдердің де бүгінгі жағдайын көріп, Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша тиісті ауыл әкімдеріне тапсырма берді.
Айта кетейік, қазіргі таңда, Басықара су тоспасынан төмен қарай секундына 200 текше метр су түсуде. Аталған мол суды Кіші Арал теңізіне жіберу жұмыстары жүргізілуде. Сырдария өзенінің ахуалы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.


"Толқын" ақпарат
08 қаңтар 2023 ж. 279 0