Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Сыр педагогтеріне «National Geographic Qazaqstan» журналына 1 жылдық жазылым сертификатын сыйлады

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Сыр педагогтеріне «National Geographic Qazaqstan» журналына 1 жылдық жазылым сертификатын сыйлады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен білім беру ұйымдарында “Оқуға құштар мектеп” жобасы жүзеге асырылуда. Осы бастамаға еліміздің ұлттық мұнай-газ компаниясы да үн қосып, алғашқы қадамын Қызылорда облысынан бастап, өңірдегі барлық мектепті «National Geographic Qazaqstan» журналының жылдық жазылымымен қамтамасыз етуде.

Осы орайда бүгін Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейде география пәнінің мұғалімдері мен мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасарлары және мектеп оқушыларының қатысуымен өткен жиында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев танымал журналға бір жылдық тегін жазылымға сертификатты салтанатты түрде тапсырды.

Айта кетейік, «National Geographic Qazastan» халықаралық журналы АҚШ географиялық қоғамының бастауымен 1888 жылдан бастап шығып келе жатқан баспасы. Танымал журнал әлемнің 38 тілінде, 80-ге жуық елге тарайды. Журнал географиядан бастап биология, химия, антропология, тарих, космос пен медицина салаларын да қамтиды.

Ғылым саласындағы қазақ тілді контенттің қолжетімділігін қамтамасыз етуге қолдау көрсетіп, отандық туризмге қосып жатқан үлестері үшін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов және облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет ұлттық компанияның басқарма төрағасына ерекше алғысын білдірді.

Жиын соңында National Geographic ресурстарын сабақ барысында тиімді қолдануға бағытталған қаламыздың география пәні мұғалімдеріне арналған арнайы семинар өткізілді. Астана қаласынан арнайы келген тренерлер ғылым саласындағы онлайн және офлайн ресурстарды сабақ барысында қосымша материал ретінде қолдану әдістерін таныстырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта National Geographic шетелдік офисынан сыныпта және сыныптан тыс өткізілетін сабақтардың методикалық әдістерін әкелу жоспарланып отыр.
07 ақпан 2023 ж. 183 0