Үшжақты меморандум жасалды

Аталған құжатқа қол қоюдағы басты мақсат – білім беру ұйымдарында заңнамалардың, педагог әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету және сала қызметкерлерінің әлеуметтік - экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау. Тараптар осы бағыттағы жүйелі өзара іс-қимыл мен өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін келісімге келді.
Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет үшжақты келісім аясында сала қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда атқаратын жұмыстардың көп екенін айтты.
Пікір қалдыру