Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Бұл туралы Мемлекет басшысының ресми баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі мұнай-газ және машина жасау өнеркәсібімен танысып, әлеуметтік-мәдени нысандарға барады деп жоспарланып отыр», деп жазылған хабарламада.