Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов белгіленген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелерімен жүгінді.
Жұмыссыздық мәселесімен келген тұрғындарға мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді. Сондай-ақ ауданда жүргізіліп жатырған жаңа жобалардың құрылысына тарту жөнінде тиісті бөлімге тапсырма берді.
Аудан басшысы баспана қажеттілігі бойынша жүгінген азаматтарға тұрғын үйлердің заңдылыққа сәйкес әр санат бойынша өзінің реттілігімен берілетіндігін айтты.
Жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу аудан әкімінің жауапты орынбасарларына жүктелді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
12 наурыз 2023 ж. 256 0