Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй және денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелермен жүгінді.
Жұмсыссыздық мәселесімен келген тұрғындарға мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді.

Аудан басшысы баспана қажеттілігі бойынша жүгінген азаматтарға тұрғын үйлердің заңдылыққа сәйкес әр санат бойынша өзінің реттілігімен берілетіндігін айтты.

Денсаулық сақтау саласына қатысты мәселемен жүгінген тұрғынға да қажетті кеңестер берілді.
Жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу аудан әкімінің жауапты орынбасарларына жүктелді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі 

29 сәуір 2022 ж. 435 0