Балаларға арналған алғашқы қазақша экологиялық мультсериал шығарылды

Анимациялық роликтер жинағын «Казцинктің» қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұжымы жасап шығарды, ол балалар мен олардың ата-аналарынан бастап, мектепалды мекемелердің педагогтарына дейінгі кең аудиторияға арналған.
«Экологиялық проблемалар күн сайын зор маңызға ие болуда, әрі ерекше назар аударуды қажет етеді. Осыған орай адамзаттың қоршаған табиғатқа қамқорлық таныту қажеттігін білуі және түсінуі өте маңызды», – деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Нұрбек Матжани. – Осы бағыттағы жұмыстарды өскелең ұрпақтан бастау маңызды. Сондықтан біз анимациялық ролик форматын таңдадық. Мұндай форматтағы ақпаратты балалар оңай қабылдайды және бұл оларға табиғатты сақтау мен оған қамқорлық танытудың маңызын түсіндіруге көмектеседі. Біз «Казцинк» компаниясының осындай жобаларға қолдау көрсететініне қуаныштымыз.
Металлургтердің балаларға арналған экологиялық білім беруге байланысты жобаларды бұған дейін де қолдап келгенін айта кеткен жөн.
«Біз қоршаған ортаға, мүмкіндігінше, қамқорлық жасауға тырысамыз. Кішкентай қазақстандықтардың санасында қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың негізгі қағидаттарын қалыптастырудың маңызы, мәселен, ірі кәсіпорынның ауқымды экологиялық жобасының маңыздылығынан кем емес. Екі жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысында біз серіктестерімізбен бірлесе, балаларға арналған, YouTube желісінде қолжетімді, экологиялық тақырыптағы танымдық бейнероликтер топтамасын ұсынған болатынбыз. Қоғамдық даму институтының тамаша бастамасы өзінің басты мақсаты – ойлы әрі жауапкершілігі мол адамдарды тәрбиелеуге қол жеткізетініне сенімдімін»,- «Казцинктің» әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.
kipd.kz