ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫН САРАЛАДЫ

Жиналыста, өткен жылдардағы қылмыстар, ағымдағы жылдың І-тоқсанында тіркелген қылмыстар, мал ұрлықтары, алаяқтық, нашақорлық, зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, жол көлік оқиғалары, көше мен полиция бөліміне қондырылған бейнекамералар туралы мәліметтер жеткізілді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өткізіліп, 12 азамат алғыс хатпен марапатталды.
Жиын соңын аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев қорытындылап, қылмыстың алдын алу, мал ұрлығын болдырмау мақсатында тұрғындар құқық қорғау органдарымен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасау қажеттігін айтты. Сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмысты азайту мақсатында ата-аналар жауапкершілігін жоғары сезініп, бала тәрбиесіндегі өз міндеттерін бұлжытпай орындау керектігін тілге тиек етті.