АМАНӨТКЕЛДЕ 3 КӨШЕ САЛЫНАДЫ

Мәселен биыл Аманөткел ауылдық округінде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны 145,9 млн.теңге болатын 3 көшенің автомобиль жолдарының құрылысы басталды. Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ретінде «Қазалы Жолшы» ЖШС мекемесі танылды. Қазіргі уақытта мекеме тарапынан Аманөткел-1 (70,1 млн.тг) көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.